5 сыныпқа оқушыларды қабылдау туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын жетекшілікке ала отырып:
Қарағанды облысы білім басқармасының
«Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицейі»
4 сынып оқушылары мен ата-аналар назарына
Құжаттарды онлайн-тіркеу және қабылдау 2026 жылғы 1 ақпан мен 20 сәуір аралығында qabyldau.daryn.kz сайтында өтеді.
Тіркеу кезінде керекті құжаттар:
- Баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойына);
- ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- Үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
- Баланың сандық фотосуреті;
- Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері
Байланыс үшін:
Тел: 8(71036) 5 8913 Mail:
Whatsapp: 8(702) 376 94 69 instagram: ziatker_school
Мекен-жайы:Ж.Әбуғалиев 3. Сайт: www.ziyatker.edu.kz





